Асқар Мырзахметов байзақтық бизнес өкілдерімен кездесті. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесу барысында кәсіп иелері өз жұмысын жандандыру жолында туындап отырған әртүрлі мәселелерін ортаға салып, шешіп беруін сұрады. Өз кезегінде салалық жауапты басшылар жауап беріп, түйінді түйткілдердің шешілу жолдары қарастырылатынын жеткізді.
Асқар Исабекұлы кездесуде көтерілген мәселер туралы тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеп, кәсіпкерлікті қолдау барысында барлық мүмкіншіліктерді пайдалану керектігін баса айтты.
Айта кетейік, бүгінде ауданда барлығы 5417 кәсіпкер тіркелген.