Алматы метросында тегін Wi-Fi пайда болды

0 0

Қала әкімшілігі «Жібек жолы» станциясына тегін қоғамдық Wi-Fi желісін орнатты. Бұл туралы әкім орынбасары Ерлан Әукенов фейсбук-парақшасында хабарлады.

Wi-Fi әзірге тек бір станцияда бар, қалған сегіз станцияға 2019 жыл барысында орнатылмақ. Орнатылу уақыты мынадай:

• Алмалы станциясы – мамыр айы;

• Райымбек батыр – маусым;

• Абай – шілде;

• Байқоңыр, М.Әуезов театры – тамыз;

• Алатау – қыркүйек;

• Сайран, Мәскеу – қазан.

Интернетке қосылу үшін, Almaty Metro Free Wi-Fi желісіне кіріп, бастау парақшасында қосылуды растап, деректерді толтырып, хабарламаны күту керек. Кодты енгізіп, интернетті игілігіңізге пайдалана берсеңіз болады.

«Қала тұрғындарына идея үшін, «Транстелеком» компаниясына жылдам жұмыс үшін алғыс айтамын» – деп аяқтады жазбасын Ерлан Әукенов.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.