Талдықорған қаласының әкімі ауысты. Енді бұл қызметті Ғалымжан Әбдірайымов атқарады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Тengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ғалымжан Әбдірайымов 1965 жылы 14 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтын, «Тұран» Университетін бітірген. Еңбек жолын колхозда шебер болып бастады, әртүрлі құрылым ұйымдары мен мекемелерінде жауапты қызметтер атқарды.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері жөніндегі комитеті Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аккредиттеу және аттестаттау басқармасының директоры болды.
2009-2013 жылдары Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, аттестациялау және аккредитациялау департаментінің директоры.
2013 жылдан бастап ҚР Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары болған.
Ал 2014-2018 жылдар аралығында ол Алматы облысы әкімі апаратының жетекшісі, Алматы облысы әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болған. 2018 жылдың сәуірін бүгінге дейін Тараз әкімі болған.