2019 жылдың 11-14 сәуір аралығында Ташкент (Өзбекстан) қаласында дзюдодан 2002-2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Азия кубогы өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысынан Қазақстан Республикасы құрама командасы сапында 11 спортшы қатысты.
Жарыстың нәтижесінде, 50 кг салмақ дәрежесінде Нұрқанат Серікбаев І орын иеленді. Ал Қазыбек Рақышев(81кг), Аяулым Қуанышева(52кг), Шапағат Дәулет(57) ІІІ орынды қанжығаларына байлап қайтты.
Айта кетейік, жасөспірімдер құрама командасын Оразалы Ермекбаев жаттықтырады.