Жамбыл облысы прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

0 14

Бас Прокурордың 2019 жылдың 15 сәуіріндегі бұйрығымен Әділ Кәрім Жамбыл облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Әділ Кәрім 1984 жылы туылған. Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 2004 жылы Орал көлік прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы болып бастаған.

Қызмет барысында Орал қаласы прокурорының көмекшісі, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бостандық ауданы прокурорының аға көмекшісі, Алматы қаласы прокуратурасының басқарма аға прокуроры, Алмалы және Алатау аудандарының прокурорларының орынбасары, Шымкент қаласы Қаратау ауданының прокуроры лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың шілде айында Түркістан облысы Бәйдібек ауданының прокуроры болып тағайындалған.

Прокуратура органдарындағы жұмыс өтілімі 14 жылдан астам. Сыныптық шені – әділет кеңесшісі.

Жамбыл облысы прокуратурасының баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.