Тараздағы №4 Облыстық мамандандырылған балалар жасөспірімдер спорт мектебінің теннис кортында асық атудан 11-13 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасында облыстық чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Асық ату ұлттық ойындары Қазақстанның ертеден келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ату ұлттық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. «Асық ату» ұлттық ойыны ұжымдық негізінде ойналуы, жастар арасында өзара сенімділік пен достық қарым-қатынастардың нығаюына үлкен мүмкіндік береді.
Жарысты өткізудің негізгі мақсаты: «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, облыстағы жасөспірімдер арасында ұлттық ойынды дамыту, ұлтық ойын түрімен шұғылданушылар қатарын арттыру болып табылады.
Аталмыш жарысқа Тараз қаласы мен облыс аудандардарынан 6 командадан, барлығы 36 спортшы қатысты. Жарыстың қорытындысы бойынша ұлдар арасында І орын — Әулие-Ата құрама командасына бұйырды. Ал ІІ орынды — Жамбыл ауданы құрама командасы алса, ІІІ орынды – Байзақ ауданы құрама командасы місе тұтты.
Сондай-ақ, қыздар арасында І орын — Жамбыл ауданы құрама командасы алса, ІІ орын ды – Т.Рысқұлов ауданы құрама командасы қанжығасына байлады, ал ІІІ орынды – Байзақ ауданы құрама командасы иеленді.