Жамбыл ауданында денсаулық сақтау саласында 35 мекеме халыққа қызмет көрсетеді

0 10

Денсаулық сақтау саласында 35 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 112 дәрігерлер мен 486 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 13,5 промильді құрады. Бұл туралы ӨКҚ алаңында Жамбыл ауданының әкімі Бақыт Қазанбасовтың қатысуымен баспасөз конференциясында айтылды, — «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Осы жылдың 3 айында 1000 адамға шаққанда туу көрсеткіші 4,8 промильді құрады. 1000 адамға шаққанда өлім көрсеткіші 0,7 промильді құрап отыр.

Ал ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі көрсеткіші 7,6 промильді құраған. Нәресте өлімі бойынша 3 жағдай орын алған.

Сондай-ақ, 100 мың адамға шаққанда қант диабетімен науқастанғандар коэффициенті 67-ні, жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары 42,6-ны, наркологиялық тәуелділікке душар болғандар көрсеткіші 54,8-ді құрап, жүйкесі сыр бергендер көрсеткіші 3,7-ге жеткен.

Айта кетейік, «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 2019 жылы 1 002 адамды жұмыспен қамту жоспарланса, есепті кезеңде 363 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 36,2%-ға орындалған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.