Бухарест қаласында еркін күрестен жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Турнирге әлемнің 28 мемлекетінен 253 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 4 спортшы қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жарыс нәтижесі бойынша I орынды Мадияр Мадемар иеленсе, II орынды Ислам Тагиров, ал III орынды Әбдінұр Нұрланбек қанжығасына байлады.