Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

0 2

«Қазгидромети» РМҚ 21–23 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, Мәскеу маңынан жылжыған циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар еліміздің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

— Жаңбыр жауып, 23 сәуірде республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жаңбыр күтіледі, күндіз найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі ықтимал, — делінген хабарламада.

Күндіз ауа температурасының төмендеуі күтіледі: Батыс Қазақстанда 7–17 градус жылы, солтүстікте 13–20 градус жылы, орталықта 15–23 градус, ал оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 15–20 градус жылы болады.

Бұған дейін Шығыс Қазақстанда мамыр айында ауа райы құбылмалы болатынын жаздық.

Leave A Reply

Your email address will not be published.