Әлеуметтік желінің сұранысқа ие болып тұрған заманында өмір сүріп жатқан біздер үшін ең бірінші мән беретін нәрсе – сурет. Ол қандай сурет? Желідегі аккаунтқа тіркейтін және басты бетке қоятын суреттеріміз. Бұл не үшін маңызды? Себебі адамдар сіздің бірінші басты бетте тұрған суретіңізге қарап бағалайды.
Негізінде сурет арқылы адамның болмысын көруге де болады. Ал бірақ біздің өзіміз түскен суретке көңіліміз толған емес. Неге? Осы мәселе туралы арнайы зерттеу жасалған. 102 студенттің әлеуметтік желідегі басты бетте тұрған суреттерін жиған. Жастар өз суреттерін бағалауды (1-10) шкаласы бойынша есептеуді сұраған. Тартымдылық, сенімділік, билік құмарлық, өзіне беріктік сынды түрлі әдістер арқылы сынға алған. Дәл осылай келесі бір топтағы жастарды алып екі жақта салыстыру жасаған. Яғни зерттеу нәтижесінде бірінші топтағы жастардың өздері керемет деп тапқан суреттерінің бірде-біреуі екінші топтағы жастарға ұнамаған.
Бұл көрсеткіш зерттеушілерді таң қалдырып отыр. Олардың ойынша қатысушылар өздерінің ең әдемі суреттерін тауып, оған жақсы баға алады деп түйген, бірақ бәрі олай болмай шықты.
Сонымен біз неге өзіміздің суретімізге дұрыс баға бере алмаймыз, себебі өзімізді айнадан күнде көреміз ғой. Қалай?
Біз басқалар білмейтін нәрсені көреміз.
Біріншіден, біз өзімізде қалыптасқан білім деңгейінде суретке түсеміз. Яғни сіз өзіңізді сенімді адам деп елестетсеңіз, сіз автоматты түрде суретке өзіңізді түріңізді сенімді адам ретінде құбылтып түсесіз.
Одан өзге біз суретке түскен сайын өзімізді жоғары бағалаймыз. Бұл басты қателік. Тағы бір ескеретін нәрсе бар. Біз өзімізді белігіл бір образда қалыптастырып аламыз. Сол қалыптасқан образды суретке береміз.
Біз он суреттен бір-ақ адамды көреміз. Ол әрине өзіміз. Ал басқалар сіздің он суретіңізден он түрлі образды көре алады. Сондықтан ең керемет суретіңізді таңдағыңыз келсе, өзіңіз емес өзгеге қаратыңыз.
Дереккөз: massaget.kz