Білім басқармасының ұйымдастыруымен педагогтар мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында «Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңі өткізілді,- деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Екі кезеңнен өткен педагогтардың жұмыстары 31 мамырға дейін виртуальды дауыс беру үшін білім басқармасының сайтына орналастырылады.
Конкурстың І кезеңіне кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарынан 38 оқытушы қатысты. Ал ІІ кезеңіне 8 педагог өтінім беріп, конкурсқа қатысушылардың құжаттары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ережесіне сәйкес қабылданды.
«Үздік педагог» атағын беру конкурсының ІІ кезеңінің жеңімпаздары республикалық ІІІ кезеңге жолдама алды. Педагогтардың мәртебесін көтеру және оны қалың жұртшылық арасында насихаттау мақсатында және 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сыйақы беру мақсатында республикалық «Үздік педагог» байқауы 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.