Жамбыл облысының құтқарушылары әскери қызметшілерді суда құтқаруға үйретті

0 2

Жамбыл облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» ММ қызметкерлері «Ұлттық ұлан» әскери қызметшілері арасында су айдындарындағы жүріс-тұрыс қағидалары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тыңдаушылар құрамына 1248 сарбаз бен офицер кірді, оларға суға шомылу кезінде және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жадынамалар таратылған. Материалдарды ұсыну барысында, тыңдармандар актуалды маңызы бар, аудандарға және қалаға іргелес орналасқан «Аса», «Талас» өзендері арнасының деңгейі максималды толған кезде шомылушыға қандай тікелей қауіп төндіретіні жөнінде сұрақтар қойылды.

Сондай-ақ, аталмыш сұраққа, құтқару бекеттері мен арнайы инвентарьлар жоқ және арнайы тыйым салынған белгілер бар жерлерде шомылуға болмайтындығы туралы түсіндірілді. Каналдар мен арнасына су көп мөлшерде жиналған өзендердің жанында болғанда, мүмкіндігінше зер салып, жағалау учаскелерін су шайып, қирау және кенеттен суға құлау мүмкіндігі ескертілді.

Бұдан әрі құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсетудің тәжірибелік дағдыларын көрсетілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.