31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.
28 мамыр күні облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінде дөңгелек үстел отырысы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Әулиеата өлкесіндегі саяси қуғын-сүргін зардаптары: тарихнамасы мен зерттеу перспективалары» тақырыбында өткен басқосуға мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жоғарғы оқу орындары мен мектептердің тарих пәні мұғалімдері қатысты.
Қатысушылар Әулиеата өңіріндегі жүргізілген саяси қуғын-сүргін тарихы, Алаш зиялыларының өмір жолы мен қызметі, өлкедегі және Қазақстандағы репрессиялардың ауқымдары мен зардаптары туралы айтып өтті.
Сондай-ақ, қазіргі кездегі Қазақстан тарихындағы тәуелсіздік тарихын зерттеп жүрген ғалымдардың ұшқыр ойлары мен пайымдары, дереккөздер, тың деректер, зерттеу жұмыстары талқыланды. Осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.