Жамбыл облысында Солтүстік облыстар өкілдерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағымдағы жылдың 27 мамырында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен Солтүстік облыстар атап айтқанда СҚО, ШҚО, Қостанай, Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында өткен бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде солтүстік облыстардың 1255 жұмыс берушілерден 4659 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Аталған жәрмеңкеге 600-ден астам облыс тұрғынлары қатысып, 11 ауданнан 138 отбасы көшуге ниет білдірді, оның ішінде СҚО- 42 отбасы, ШҚО- 44 отбасы, Павлодар облысына- 25 отбасы, Қостанай облысына- 27 отбасы.