2017-2019 жылдарға қабылданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға арналған кешенді стратегия өз өміршеңдігін дәлелдей түсуде. Мүмкіндігі мол бастама Тараздағы ЖД- 158/7 мекемесінде де болып өтті, — деп «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бұл жолы тараздық Бақтияр Қоқыбаев жазасын толықтай өтеп, бостандыққа шықты. Кешенді шара аясында «қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылса, оған түрлі сала өкілдері шақырылды. Құқықтық кеңестер беріліп, жеңілдіктерді тиімді пайдаланудың жолдары нұсқалды.
Ал Пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары алдағы уақытта бұл азаматпен тығыз байланыс орнатып, екі қолға бір күрек тауып береміз деп отыр.
Айта кетейік, ешбір туған-туысы, үй-жайы жоқ азамат оңалту орталығына орналастырылса, денсаулығын түзеуге де мүмкіндік жасалады.