Таразда алматылық азамат бөтеннің ақшасын жасырын түрде өз шотына аударған, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 11 мен 12 маусымы күндері Жамбыл облысының аумағында «Hi-tech» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы облысының тұрғынын анықтап, ұстады.
Ол Тараз қаласындағы көлік жуу қызметін пайдалану барысында бөтен адамның ұялы телефонын алып, «мобильдік банкинг» қосымшасы арқылы жасырын түрде телефон иесінің 41 000 теңгесін өз шотына аударған.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу немесе телекоммуникация желілері арқылы берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық.
Қазіргі таңда ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.