Сіздің өміріңіздегі 7 кедергі

0 8

Өмірде қанағаттанушылық пен өнімділікті арттыру үшін, әлеуметтік және қаржылық жағдайды жақсарту үшін біздер көбіне атқарылар істерге мойынсұнып жатамыз. Алайда тізім жасаудың осы бір үлгісін өмірімізді жақсартуға кедергі келтіріп келе жатқан істерге құрмайды екенбіз. Ендеше, әр күн сайын кедергі келтіріп жүрген істерді тізіп көрелік.

Бір қызық болып көрінері анық, бірақ, сөзіме сеніңіз, сіздің өнімділігіңізге кедергі келтіріп жүрген жаман әдеттерден арылуға өте-мөте пайдалы тізім болып шығады. Ең аз дегенде, өміріңізді жақсы жаққа өзгерту үшін күніне 7 әдеттен тыйылу қажет.

1. Біреудің өмірімен өмір сүруді

Түрік сериалдары сізсіз де өмір сүре береді. Ал кәріс сериалдары сіздің бар-жоғыңызды да байқамайды. Тіпті, әлемдік жұлдыздар мен саясаткерлердің өмірі сіздің ғұмырыңыздың қасында түк те емес. Шындап келгенде маңыздысы, екінші жартыңыз, достарыңыз, балаларыңыз, аға-әпкелеріңіз, бауырларыңыз, туыстарыңыз, істес әріптестеріңіз. Оларға көбірек уақыт бөліп, көңіл бұрыңыз. Олар бұған татиды.

Бейтаныс адамдармен кездесуде ізетті болыңыз; алайда, бәрімен бірдей жақсы дос болып кетуге тырыспаңыз. Қарым-қатынасты реттестіріп, өміріңізді жарқын қуаныш пен шынайы шаттықтарға бөлейтін маңызды адамдармен қалыңыз.

2. Уақытпен өмір сүрудің орнына болашақ туралы ойлау

Қазір және осы сәтте болып жатқан нәрселер екінші мәрте қайталанбайды. Уақытыңызды сақтаңыз, өйткені, бұл сіздің өміріңіз. Әр уақытта еңбектеніңіз, бірақ, саяхаттан қуаныш алуды ұмытпаңыз. Әр қадамыңыздың тәжірибесі маңызды. Өнімділіктің кесірлі жолына түсіп кетпеңіз: «Қазір және осы сәттегі» істі істеудің орнына әр нәрсені бір ойлап, басқа келген оймен кетіп қалмаңыз.

Қай уақытта болмасын, осы сәттің қадірін, бүкіл мән-маңызын жадымызда жаттықпай тұрып бағалау қиынға соғып жатады. Бірақ сосын барып бұл уақыттың біздің арманымыздан да артық екенін түсінеміз. Сондықтан, қолыңызда қазір бар нәрсенің бағасын біліңіз, әйтпесе, ертеңгі күні уақыт бағалауға мәжбүрлейтін болады.

3. Шешімді кейінге қалдыру

Осы сәтте тындырған бір ісіңіз тындыру туралы шешімге қарағанда аз уақыт пен аз күшіңізді алады.  Өмір қиын шешімдерге толы. Әрқайсысы бір ғажапқа толы болып көрінетін жол айрықтар кездеседі. Және ең маңыздысы, сіздің қай жолды таңдағаныңызда емес, жолдың қай бағытта құрылғаны.

Қабылданған шешімдер ауыртпалық тудыруы мүмкін. Анау жол мен мына жолды таңдаудағы сенімсіздік — азапты. Бірақ, белгілі бір істен бас тартудың азабы барлық ретте жеңілдеп көрген емес. Алайда, егер сіз өз жолыңызға өз бетіңізбен таңдау жасамасаңыз, онда қай бағытқа алып баратынын ешқашан білмек емессіз. Сондықтан, ендігі таңда тартымды қос бірдей жолдың алдында таңдауда тұрып, үшінші нұсқаны таңдап кететін жан болмаңыз — таңдамаңыз.

4. «Жоқ» деп айтатын тұста «Иә» деп жауап беру

Орындалмайтын істі мойныңызға алмаңыз. «Иә» алдыңыздан керемет жол ашып бергенмен, бірақ, «жоқ» деп айту да — бұл маңызды. Сіздің өміріңіздің уақыты өте шектеулі. Шынымен де, сол уақыттан жай ғана бас тартқыңыз келе ме? Егер сіздің жаңа жобаға қатысуға уақытыңыз болмаса, біреу-міреуге жақсылық жасау немесе аяқ астынан өтінішін орындау — «жоқ» деп айтатын нағыз уақыт. Досқа, туысқанға, жақынға айта салу қиын, әрине. Бірақ, орындалмайтын істі өз мойнына артқаннан және өзіңізге уақыт қалдырмағаннан қиын емес.

Бар проблема сіздің бұл өмірдегі ұмтылысыңызға қарап емес, жетістікке жету жолында шектеуіңізге байланысты. Тіпті, егер сіздің біліміңіз асып-тасып, атақ-дәрежелерге қол жеткізіп жатсаңыз да, сосын бір күні биікке жеткенде барлығы әр тұстан анталай түсіп, белсенділігіңіз құлдилайтын болады. Сонымен, қажетті тұста «жоқ» деп айтыңыз.

5. Қажетсіз нәрсені сатып алу

Тапқан табысыңызға ұқыптылық таныту өмірдің ең басты тәлімдерінің бірі. Әлгі тәлімді меңгеру арқылы өзіңізге қолайлы, бақытты болашақ қалыптастырасыз. Соған қарамастан, біздер осы тәлімді көбіне ақыл-ойсыз жаратып жатамыз. Біздер өмір сүріп жатқан тұтыну қоғамында бар бақыт әр күн сайын шығып жатқан және шыға беретін өнімдерді сатып алудан тұрады. Сол тұста бақытты сатып алуға болмайды және киімнің ішінен таппайсың деген ұғымның күлі көкке ұшады.

Күтпеген тұста сатып алуға деген ықыласыңыз оянып кетсе, алдымен өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Қазір мен сатып алайын деп тұрған нәрсе мендегі бар нәрседен жақсы ма? Маған осы бір зат шындығында керек пе? Немесе қолымда бар нәрсеге жай ғана көңілім толмағандықтан ба?»

Ақиқат тілімен айтсақ, өмірдегі ең керемет нәрселер тегін. Осы сөзімізге сеніңіз! Достық, күлкі, баланың күлкісі, романтикалық, жан тербеген көңіл қуантар сәттер — осы бір және көптеген өмірдің бағалы құндылықтары таза мәнде тегін болып келеді. Ақша жайлылық береді және жайлылықты жақсы көрудің еш айыбы жоқ. Бірақ, өзіңіз үшін бағалы заттарға қаржы жұмсау бастысы.

Болмашы қаптап жатқан нәрсеге бәрі ақшаны шаша беруден өміріңізге еш бір мағына орнамайды. Ақшаны тек қажетті нәрсеге жұмсау керек, бірақ, әрқашан не үшін және неліктен сатып алып жатқаныңыз есіңізде болсын. Қарама-қарсы жағдайда қаржыны оңды-солды жұмсау жаман әдетке айналып кетеді.

6. Ғайбат айту

Өсектеу — бұл зұлымдық. Егер сіз біреу туралы бір нәрсені немесе сол нәрсені білгіңіз келіп жатса, сұраңыз! Болжам жасамаңыз → ақыры өсекке айналады.  Мазалаған нәрсе болса, сол адаммен неге тіке сөйлеспеске?! Әйтпесе, бұрышта тұрып, алып анық-қанығы белгісіз ақпаратты әңгіме қылу, қылыққа жатпайды.

Айналаңыздағы адамдар туралы аз пікір пішіңіз. Оларға түзу ниетпен қарап, өсек туылуына немесе жаман қылып көрсетуге қосылмаңыз. Әрбір айтқан сөзіңізге абай болыңыз. Шыншыл айтып, өзгелер туралы өсектен қашыңыз.

7. Әрбір бос минутты бір нәрсемен толтыру

Әрекетсіз отыру дұрыс. Тіпті, адамның ең жоғары теміртөзгіштігі демалыссыз мүмкін емес. Адам ағзасы осылай түзілген — қысқа тербеліспен қызмет жасау — жиі-жиі демалыс пен физикалық тұрғыда,  моральдық тұрғыда болсын, қайта қалыпқа келуді қажет етеді.

Өнімді күннің көрінісі: белсенділік, қысқа демалыс, белсенділік, қысқа демалыс және тағы сол қатарда.  Әр күні демалып алуға, қалыпқа келуге, ойлануға уақыт табыңыз.

Өз-өзіңізді алдамаңыз: қанша істің ортасында отырсаңыз да, бір сәт дамылдап алмауға мүмкіндік бермеу деген еш қисынға келмейді. Аса қиын сәтте күніне бір-екі ретте — ұйқыдан тұрған соң және ұйқыға жатарда — стресс пен қарбаластан арылыңыз.

Бар-жоғы бірнеше минутқа терең дем алып, сол сәттің жан тыныштығына бөленіңіз.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.