Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

0 3

Мұнда оқырман өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады, —  деп хабарлайды  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітап сүйер қауым 300 ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады.

– Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат – адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын, — деді Ардақ Сапибулла, қала тұрғыны.

Дереккөз: Хабар 24

Leave A Reply

Your email address will not be published.