Таразда жол ережесін бұзатын 17 жол белгілері анықталды
Тараз қаласында жол қозғалысына қатысушылардың құқықтарына және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына әкеліп соғатын 17 жол белгілері анықталды. Іс-шара «Жамбыл–адалдық алаңы» жобасы аясында өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Нәтижесінде Төле би көшесінде бағдаршам нысаны орнатылып, «шақыру» режимі іске қосылды және Тауке хан көшесіндегі емес орналасқан «Тоқтауға тыйым салынады» жол белгісі алынды. Оларды ретке келтіру бойынша Тараз қаласы әкімдігіне тиісті нұсқама жолданған болатын.
Сонымен қатар, қала тұрғындарының жол жүру ережелерін сақтауы бойынша рейдтік іс-шаралар өтуде. Іс-шара нәтижесінде 7 тұлғаға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылған. Ал қызметтік автокөлікті қызметтен тыс уақытта пайдалану бойынша 11 фактілері анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылды.