Диплом қолда, жұмыс қайда?

0 3

«Жастар – елдің болашағы, бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы» екені анық, бірақ жұмыссыз жастар болашақта үлкен мәселеге айналуы ықтимал.


Мамандық тандаудан қателескісі келмейтін жастар қолына дипломын алған сәттен бастап жұмысқа орналасу жайын  ойлайтыны айтпаса да түсінікті. Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай « мына заман бой салыстыратын емес,  ой салыстыратын заман» иә расыменде солай-ақ. Қара жұмысқа жегілгеннен гөрі баспен жұмыс істейтін жастар басымырақ. Заман талабы солай дейді.

Жастарды жұмыспен қамту тәуелсіз Қазақстанның алдына қойған басты міндеттерінің біріне айналған.  Осы орайда, көптеген мемлекеттік бағдарламалар да қолға алынды.     Биылғы жыл  жастар жылы  деп жарияланғанан бастап жастарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалды. «Жұмыспен қамту  жол картасы- 2020».  «Дипломен ауылға», «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша тәжірибеден өтуге жіберіледі. Мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 Десе де, жастардың көпшілігі бұл жөнінде біле бермейді.

Жұмыссыздық мәселесінің  артуына себеп те аз емес. Қазір жұмыссыз жүрген жастардың аузынан «Диплом бар, жұмыс жоқ»дәл осы сөзді естисің.  Жоғары оқу орнын аяқтап, қолына дипломын алған көптеген жас маманның жұмыссыздық мәселесімен бетпе-бет келетіні жасырын емес. Жоғары оқу орнын бітірген түлектерді ешқандай жұмыс беруші құшақ жая қарсы алмайтындығы да ақиқат.

Ал кейбір мамандар жоғары білімді жастардың жұмыссыздығын олардың мамандықты дұрыс таңдамауымен байланыстырады. Яғни, сұранысқа ие мамандықтардан гөрі бүгінгі күннің «сәнге айналған» мамандықтарын таңдауға тырысады. Бұл бүгінгі жастар арасындағы жұмыссыздыққа кері ықпалын тигізетін бірден-бір себеп. Ауыл шаруашылығы, техникалық салаларда мамандар тапшылығының сезіліп жүргеніне біраз уақыт болған. Алайда бұл олқылықтың орнын толтыратын жас мамандар әлі күнге дейін тапшы болып  тұр. Түлектердің басым бөлігі мұндай салаларды таңдаудан бас тартып жүргенін өкінішпен айтуға тиіспіз.

Шын мәнінде, жұмыс істеуге ниет білдірген, университетті енді ғана аяқтаған жас мамандардан жұмыс берушілер бірнеше жылдық тәжірибе талап етеді. Дипломын бүгін ғана қолына алған маманда қандай еңбек тәжірибесі болуы мүмкін?! Демек, жастарға тәжірибе жинақтау үшін студент кезінен бастап мамандық бойынша қызметке араласуы қажет. Бірақ тәжірибелі маман іздейтін жұмыс берушілердің студенттерді қызметке қабылдауы екіталай.

 Жалпы, жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесінің уақыт өткен сайын өзектілігі артуда. Қаншама мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырылса да, нәтиже көңіл көншітер емес. Кез келген жұмыс орындарында оқу бітірген жас мамандардың тәжірибесін шыңдауға мүмкіндік беріліп, кедергілермен күрес жүргізілуі тиіс.  Дегенмен де XXI ғасырдың жастары ертенгі елдің болашағы.  Иә, біздікі жай ғана айту, ал өзгерістер болашақтың еншісінде.

      Дидар Айдарқызы

Leave A Reply

Your email address will not be published.