Жамбыл облысында дін проблемаларын зерттеу орталығында кездесу өтті

0 43

Жамбыл облысы әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Б.Алпысбаев Жамбыл облыстық фтизиопульмонолия орталығы ШЖҚ КМК мекемесінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кездесу барысында қатысушыларға діни экстремизм және терроризм идеялары таралуының алдын алу мәселелері, жақтаушыларды жинақтаудың әдістері мен тактикасы, сонымен қатар интернет-ресурстар арқылы жинақтау туралы баяндалды.

Кездесуде ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының негізгі қағидалары, аймақта діни салада тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік басқару органдарының міндеттері туралы түсіндірілді.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.