Жамбыл аудандық орталық кітапхана мен аудандық орталық емханамен бірлесіп Нашақорлыққа қарсы күрес барысында «Нашақорлық-індет, алдын алу –міндет» атты дөңгелек үстел жастар тәжірибесі бойынша мамандардың қатысуымен өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мақсаты жастарға темекі, арақ, есірткі, СПИД-тің қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу.
Аталмыш іс-шараға аудандық орталық емхананың фельдшер наркологі Қалисаева Шарипа және аудандық орталық емхананың ЖДО «Сенім» орталығының психологі Айзат Жамалова мен аталмыш орталықтың әлеументтік қызметкері Құралай Жөнделбекқызы қатысты.
Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептейтінін айтып, біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келетінін сөзімен фельдшер-нарколог Шарипа Қалисаева ашып айтты.
Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік-деп көпшілік қойған сұрақтарға Айзат Жамалова жауап қатты.
Сондай-ақ, «Дені саудың-жаны сау» бөлімінде шараға жиналған көпшілік сұрақтарды талқылап, ойларын ортаға салып,ойларымен бөлісті. Отырыста «Есірткі-түбі-ажал» ашық қарау, «Нашақорлық-тұңғиық түбі» атты слайд көпшілік назарына ұсынылды.