Өңірде жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде

0 0

Жамбыл облысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Биыл 28000 бала бірінші сыныпқа барады. 5 жаңа білім нысаны пайдалануға берілмек. 1- қыркүйекке дейін оқулықтар 100 пайыз мектептерге жеткізіледі. Осы және өзге де мәселелерді  облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмағанбетова  «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте баяндады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA

 Облыста балабақшаға балаларды кезекке қою және жолдама алу (edugarden.kz), мектепке 1 сыныпқа қабылдау (eduschool.kz), техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріне оқуға қабылдау (zhambyltipo.kz) жүйесі 100%  автоматтандырылды.

Бүгінгі күні мектепке 1 сыныпқа 13938 электронды өтініш беріліп, 13512 бала қабылданды. Мектепке дейінгі білім мекемелеріне 10703 балаға электронды жолдама берілді. Аталмыш жүйе ашықтықты қамтамасыз етеді.

   Өңірде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасыдан шыққан 30 мыңға жуық оқушыға көмек көрсетіледі.

Игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Білім басқармасында азаматтардың өтініштері бойынша жедел шара қолдану мақсатында «жедел желі» телефондары қызмет етеді: 43-88-32, 43-88-42, 43-88-41.

Осы жылы алғаш рет «Менің Атамекенім» порталында «Мектепке жол» платформасы іске қосылды. Аталға сайт көп балалы және аз қамтылған отбасылардан өтініштерді жыл бойы қабылдайды.

1 қыркүйекте 46 колледж жаңа оқу жылына кіріседі. Олардың 23 мемлекеттік болса, 23 мемлекеттік емес колледждер.

2019-2020 оқу жылына 29 колледждегі 47 мамандыққа 3082 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бөлінді, оның 57% «Баршаға арналған тегін кәсіптік техникалық білімі беру» жобасы аясында жұмысшы мамандықтарына берілді.

 Биылғы жылы облыста техникалық және кәсіптік білім беру саласын автоматтандыру мақсатында zhambyltipo.kz сайты іске қосылды. Сайттан облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде атқарылып жатқан жұмыстар, білім мекемелеріндегі бос орындар, колледжер мен ондағы мамандықтар туралы толық ақпарат алуға болады.

Сондай-ақ, сайтта колледжге оқуға түсу үшін өтініштер электронды қабылданады. Колледждерге құжаттарды қабылдау 2019 жылғы 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.

Дуалды оқыту жүйесі 35 колледжде енгізіліп, 193 кәсіпорынмен үш жақты келісімшарттар жасалған. Мұнда 3429  студент қамтылған.

Сонымен қатар, Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Құлан агротехникалық колледжінде «WorldSkills» стандартына сай 10 құзыреттілік орталығы құрылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.