Жамбыл облысындағы «Батыс Еуропа -Батыс Қытай» автодәлізінің бойында жүк көлігі мен жол зертханасының көлігі соқтығысып ірі жол апаты орын алды,-деп хабарлайды «Zhambylnews» АА тілшісі оқиға орнынан.
Куәгерлердің айтуынша Алматыға қарай бет алған жүк көлігі 100 метрдей шайқалып , алдындағы «Газельді» соққан. Салдарынан екі көлік те жол шетіне аударылып кеткен.Апат салдарынан қаза тапқандар мен жарақаттанғандар бар.
-Апат көз алдымызда болды.Қызым екеуміз жүк көлігінің артында келе жатқанбыз. Жүк көлігі шайқалып дұрыс жүрмеді.Сол сәтте алдында тұрған көлікке соқтығысып екеуі де аударылды, — дейді куәгер.