Мереке қарсаңында Жамбыл облысында 20 нысан пайдалануға беріледі

0 0

«30 тамыз — ҚР Конституциясы күніне» және Білім күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысында 20 нысан және 36 дана санитарлық автокөлік пайдалануға беріледі (оның ішінде: мектеп  – 5, тұрғын үй – 11, оның ішінде 2-і ауданда (2-і мемлекеттік бюджет, 9-ы құнды қағаздар есебінен), ауыз сумен қамтамасыз ету – 2, коворкинг орталығы – 2), — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Атап айтқанда, Тараз қаласындағы  №15 шағын аудандағы 80 пәтерлі 9 тұрғын үй құрылысының жұмысы аяқталып пайдалануға беріледі.

Сондай-ақ, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын жеделдету арқылы тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсету қызметінің сапасын арттыру мақсатында Достық алаңында Жамбыл облысының емдеу ұйымдарына облыстық бюджет есебінен алынған санитарлық автокөліктердің кілттерін тапсыру рәсімі өтеді.

Бұдан бөлек, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, республикалық және облыстық бюджет есебінен Сарысу ауданының Арыстанды және Қызылдихан ауылдарында орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, 2 нысан пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, балалардың кедергісіз білім алуын және үш ауысымды оқу жүйесін жоюды қамтамасыз ету мақсатында облыстық бюджет есебінен Шу, Жамбыл, Байзақ, Меркі аударында жалпы саны 608 орындықты қамтитын 5 жаңа мектеп құрылысын пайдалануға беріледі.

Облыстық бюджет есебінен Жамбыл ауданы, Аса ауылында «Бәйтерек» тұрғын-үй алқабында 18 пәтерлі 1 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, Қаратау қаласы, №3 шағын ауданы, №49 көпқабатты тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстары  аяқталып, ел игілігіне тапсырылады.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  бағдарламалық мақаласының негізгі бағыттарының бірі халықтың білімге, ғылымға деген құштарлығын арттыру. Ауыл жастарының өз мүмкіндіктерін толық пайдаланып, шығармашылық және басқа да қабілеттерін дамытуға, түрлі форматтағы тренингтер мен шығармашылық жұмыспен айналысуға мол мүмкіндік беретін (2 нысан) коворкинг орталықтары аудандық бюджет есебінен Жуалы ауданының Қарабастау және Бәйтерек ауылдарында ашылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.