Жамбыл облысында Конституция мерекесіне орай 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді

0 0

Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Конституция мерекесіне орай 9 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бой көтерген тұрғын үйлердің берілу салтанатына облыс әкімі Асқар Мырзахметов өзі қатысып, пәтер иелеріне кілттерді табыстады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шаһардың 15-ші шағын ауданынан жаңа пәтерге ие болғандардың дені көпбалалы және толық емес отбасылар.
— «Баспана-қай уақытты да өзекті мәселе. Қала халқының саны өсуімен тұрғын уйге деген сұраныс көлемі де ұлғаюда. Тәуелсіздік жылдары елімізде Елбасының басшылығымен қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Соның ішінде қалада жаңадан соғылып жатқан 15 шағын аудан орналасқан жер бірнеше жыл бұрын ашық дала болатын, ал қазір жаңа тұрғын уйлер бой көтерген шағын ауданға айналды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы бойынша жарияланған басты мақсаттардың бірі – халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету. Осы мақсатта «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ағымдағы жылы жалпы 17,6 млрд. теңгеге барлығы 30 көпқабатты (2 118 пәтерлі) тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін 28 көпқабатты (1988 пәтерлі) тұрғын үйлерді пайдалануға беру жоспарлануда. Осынау оңды істердің барлығы әлеуметтің әлеуетін әлді ететін ауқымды шаралардың жарқын көрінісі», — деді өңір басышы өз сөзінде.

Бұл күні барлығы 720 пәтер пайдалануға берілсе, оның 200-ге жуығы бағдарлама арқылы банкттің тиісті шешімін алған. Яғни 200 дей отбасы қоныс тойын тойлағалы отыр. Қалғаны алдағы уақытта «Нұрлы жер», «7-20-25», «Бақытты отбасы» бағдарламалары арқылы берілетін болады.

-Мен көпбалалы ана, бюджеттік мекеме қызметкері ретінде баспаналы болып отырғаныма өте қуаныштымын. Отбасымның атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Ел игілігі үшін жасалып жатқан осындай бастамалар жалғасын таба берсін. Конституция күні мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Барлық отбасында бақыт пен табыс болсын, — деді жаңа пәтерге ие болған қала тұрғыны.

Айта кетейік, өңірдегі көпбалалы отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында 120 көпбалалы отбасыларына пәтер кілті табысталды. Оның 93-і арендалық үй, 27-і демеушілер есебінен. Жыл соңына дейін 493 көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарлануда.

Сондай-ақ, тұрғын үй кезегі келгенге дейін көпбалалы отбасылардың тұрғын үй мәселесін уақытша шешу үшін 612 пәтерлі 12 жатақхана құрылысына тиісті қаражат қарастырылып, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.