Президентіміздің алғашқы Жолдауын қолдау

0 0

Бүгін, 2019 жыл 2 қыркүйекте ел президенті – Қасымжомарт Тоқаев Қазақстан халқына өзінің алғашқы Жолдауын арнады. Жолдауда мемлекеттің ішкі саяси тұрақтылығы, мемлекеттік институттардың рөлі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, экономиканың өзекті тетіктері, халықтың әлеуметтік қамсыздандырылуы туралы мәселелері қамтылды. Осы қаралған мәселелердің ішіндегі «Жер туралы» сұрақ өз шешімін тапты деген ойдамыз.

Естеріңізде болса, 2015 жылы Жер кодексіне бірқатар өзгерістер енгізіліп, халық арасындағы түсініспеушіліктің туындауы салдарынан Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы бойынша 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін аталған өзгерістерге мараторий жарияланған болатын. Яғни, Жер кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң нормаларын қолдануға; шетелдіктерге, үлесі 50 пайыздан асатын шетелдік заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану құқығын беруге; жеке және заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы жерлерін жеке меншікке беруге байланысты заң нормалары әрекетін тоқтатқан еді.

«…Мемлекет басшысы ретінде қайталап айтамын – біздің жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұған біз жол бермейміз. Дегенмен, жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің басты мақсатымыз»,-дей отырып, Қ.К.Тоқаев бірқатар жыл дау тудырған мәселелерге нүкте қойды деуге болады. Сонымен қатар, мемлекет басшысы көптеген азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттен жерді жалға тегін алып, жұмыс істемей текке ұстап отырғанын тілге тиек етті. Осыған байланысты пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерді қайтарып, жердің – ортақ байлық ретінде жұмыс істейтіндерге ғана тиесілі екендігін ескерте отырып, Үкімет пен Парламентке тиісті шараларды қабылдауды тапсырды.

Біз, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының ұжымы, Қасымжомарт Кемелұлының кесімді айтқан сөздеріне қолдау білдіре отырып, атқарылатын іс-шаралардың жемісті нәтиже беретініне нық сеніммен қараймыз.

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Жерге орналастыру және кадастр»

кафедрасының PhD

докторы Абдешев К.Б

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.