Президент Жолдауы — ел назарында

0 15

Елімізде биылғы жыл тарихи оқиғаларға толы болғаны баршамызға белгілі. Маусым айында дүбірлі сайлау өтіп, басым дауыспен Президентікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен болатын. Ел тізгінін жаңадан қолға алған Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғаш рет жолдау арнады.

Бұл Жолдауды жас мемлекеттік қызметкер ретінде мен де асыға күттім. «Еліміздің әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған қандай түйіткілді мәселелер көтеріледі» деген ойда болдым. Бұл жолғы Мемлекет басшысының халыққа арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандырудың бірқатар мәселелері, яғни кәсіпкерлікті қолдау, білім сапасын жетілдіру, көпбалалы отбасылардың жағдайын жақсарту, бағаны тұрақтандыру, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жетілдіру, «қарапайым заттар экономикасын» дамыту, және тағы да басқалар көтерілді.

«Тиімді шағын және орта бизнес – қала мен ауылды дамытудың берік негізі. Шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқарады. Атап айтқанда, ең алдымен ауыл тұрғындарына тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады» деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, ол «Мемлекеттік қызметшілердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажет» деп жастарды қолдайтынын да білдірді.

Президенттің «Еліміздің әрбір азаматы жақсылықты, өзгерісті нақты сезіну керек» деген сөзі атқарушы билікке де, заң шығарушы билікке де үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз ол жұмысқа біз дайынбыз. Барлығын бірдей мемлекетке арта бермей, ел үшін жауапкершілікті сезіну, тек қана еңбек біздің көсегемізді көгертетіні Жолдауда нақты айтылды.

Мұстафа БЕКТҰРҒАНОВ,

Үздік мемлекеттік қызметші

Leave A Reply

Your email address will not be published.