Талас ауданында «Ономастика: Ұлттық танымға бетбұрыс» атты семинар-тренинг өтті

0 12

 Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы  аясында «Жаңа шабыт» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Талас ауданында «Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс»  атты семинар-тренинг өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Семинар-тренинке ауылдық округтар мен ауыл әкімдері, құқық қорғау органдарының, халыққа қызмет көрсету, медицина және білім беру саласының қызметкерлері қатысты.

Жиында жаңа атаулар дайындауда оның әдеби тіл нормасына сәйкестігі, жергілікті жердің тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, бір әкімшілік аумақта, елді-мекендерде, құрамдас бөліктерінде бір атаудың қайталанбау ерекшеліктері  ескерілді.

Жалпы шараның мақсаты — ономастика саласында кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, өңірдегі объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен елді-мекендерге, олардың құрамдас бөліктеріне , яғни көшеге атау беру және оларды қайта атау барысында басшылыққа алынатын негізгі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жүргізуді үйрету, — деді Талас аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Байұзақ Көлбайұлы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.