Айшабибі ауылдық округі аумағында агроөнеркәсіп аймағы құрылмақ. Онда цитрусты жеміс-лимон, миндаль, анар т.б. жеміс- жидектер өсірілмек. Бұл, әрине, ауданымыз үшін жағымды жаңалық.
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов бастаған жауапты мамандармен кездесіп, мәселенің мән-жайын талқыладық. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіле бастаған. Кеше құрылыс нысанын аралап қайттық. Алдағы уақытта осыған байланысты жаңалықтармен бөлісетін боламын.
Сонымен қатар ауданда балық шаруашылығын дамыту жоспарға алынып отыр. Бұл ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосады деген сенімдемін.
Жамбыл ауданының әкімі,
Бақыт Алпысбайұлы