«Жамбылым-жер жаннатым» атты үздік эссе байқауы өтті

0 46

2019 жылдың  28 қантарында облыс әкімі бекіткен  іс-шаралар жоспарының 26 тармағына  сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында,  Жамбыл облысының  80 – жылдығы және Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай өзге этнос өкілдері жастары арасында эссе байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырған байқауға аймақтың жоғарғы оқу орындары мен колледждерден барлығы 60-қа жуық студент қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша дәстүрлі байқаудың биылғы жылғы қатысушыларының саны өткен жылдармен салыстырғанда едәуір артқан.

Байқаудың басты мақсаты мемлекеттік тілдің маңыздылығын саналы түрде сезіндіре отырып, құрметтеуге тәрбиелеу, отансүйгіштік қасиетін арттырып, еліміздің  бәсекеге қабілетті жастар қатарына қосылуына ықпал ету, жастардың бойында жоғары әлеуметтік белсенділік пен  шығармашылық әлеуетін дамыту болып табылады.

«Жамбылым-жер жаннатым» атты  үздік эссе байқауына қатысуға облыстағы әр жоғары оқу орындары  және  колледждерден 4-5 студенттен қатысты. Олардың өтініштері ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 –шы жұлдызына дейін қабылданды.

Эссе байқауына қатысушы жастардың байқау барысында тәртіп бұзбауын қадағалап, талапқа сай болуларын назарларында ұстаған қазылар құрамында №8 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самекова Қаламқас Нұрланқызы, №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сыдықова Сәуле Оменқызы және №53 мектеп гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің ұстазы Сеитбекова Меруерт Исмаилқызы болды.

Байқауға қатысушыларға қойылар басты талап  «Жамбылым-жер жаннатым» тақырыбында 60 минут ішінде қазақ тілінде 250 сөзден кем болмауы тиіс және ережеде көрсетілген критерийлерге сай эссе жазып шығулары керек болатын.

 Эссе жазуға сағат таңертеңгі онда отырған қатысушылар талапқа сай 60 минут ішінде аяқтап шықты. Байқау нәтежиесі дайын болғанша студенттер «Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенін аралап, мұражай мен Достық үйіне саяхат жасады.

 Байқау қортындысы шығып кезек марапаттау сәтіне де жетті. Сәуле Оменқызы «Барлықтарыңыз тағатсыздана күтіп отырған боларсыздар. Әрине байқауда бірде баб, бірде бақ жанады. Оның үстіне сіздерге қазақ тілінде эссе жазу  айтарлықтай оңай бола қоймасы анық. Десе де, эссені басым көпшіліктеріңіз өте  жақсы деңгейде, ережеде көрсетілген критерийлерге сай жазып шыққансыздар. Қасымдағы әріптестеріммен бірге жазылған эсселерге мұқият қарап шықтық. Шығарманың жоғары сауаттылық деңгейі, тақырыптың айқын ашылуы, баяндаудың әдеби стилі және  байқау  тақырыбына сай болуы сынды басты талаптарға ерекше мән берілді. Нәтежиесінде жеңімпаздар анықталды. Осы тұста барлықтарыңызға рахмет айтқым келеді. Тілге деген құрмет, байқауға деген белсенділіктеріңіз жыл сайын арта берсін»- деді,  №44 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Байқау қортындысы бойынша Тараз мемлкеттік педагогикалық университетінен Газаева Маргарита және Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінен Дурсунова Ульфедина І орынды иеленді. ІІ орынды М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Газаева Салимат, №13 Тараз теміржол колледжінен Сарыбаев Тимур, «Парасат» колледжінен Юлдашева Диера және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінен Столярова Карина қанжығалады. Ал, ІІІ орын Жамбыл жоғары медициналық колледжінен Амзова Нилюфар, №13 Тараз теміржол колледжінен Каракулов Зафар, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен Хакимов Умитжон, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінен Телепко Руслан, Цхай Камилла және Абай атындағы Жамбыл  гуманитарлық колледжінен Мирзаева Эльмираға бұйырды.

Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен дипломдарға ие болды. Қалған қатысушыларға жаппай ынталандыру сыйлықтары және алғыс хаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.