Жамбыл ауданында «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыру қолға алынған

0 5

Ауданымызда «Ауыл- Ел бесігі» жобасы аясында 35 жобаны іске асыру қолға алынған болатын. Оның ішінде Аса ауылының көшелеріне асфальт төселіп, көшелер жарықтандырылды.

Қазіргі таңда аталған жоба аясында Аса ауылындағы бұрынғы кинотеатр енді музыка мектебіне бейімделіп, күрделі жөндеуден өткізілуде және спорт- сауықтыру  кешенінің құрылысы басталды. Бүгін  облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков және облыс әкімдігі экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова арнайы келіп, жоба аясында атқарылып жатқан бұл жұмыстар дер мезгілінде және сапалы аяқталады деген сенімдемін.

Жамбыл ауданының әкімі,

Бақыт Алпысбайұлы

Leave A Reply

Your email address will not be published.