Жамбыл облысында 7284 тұлғаға сауалнама жүргізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің алдын алу және парасаттылық басқармасының басшысы Д.Омаров айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Transparency International Kazakhstan» қоғамдық қорымен Қазақстандағы жемқорлықтың деңгейін анықтауға арналған зерттеу жұмыстары Жамбыл өңірінде де жүргізілді. Зерттеу жеке және заңды тұлғалардан алынған әлеуметтік сауалнама және «ашық диалог» ашық үкімет порталына түскен шағымдар жиынтығы бойынша талдаудан тұрады.
Мұндай формат сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салаларды, мемлекеттік органдар мен мекемелерді, сондай-ақ лауазымдар мен өңірлерді айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық тәжірибесі бар респонденттердің үлесін анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу шеңберінде сауалнама әдісімен жеке тұлғалардан – 7284 респондент, сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінен – 1824 респондентті қамти отырып сауалнама алынды.