Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысы ардагерлерін құттықтады
Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы 1 қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне «Қарттарға қамқорлық қасиетті борышымыз» атты тақырыппен қайырымдылық акциясы аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлерін үйлеріне барып құттықтады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” АА аталған ведомстваның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция мақсаты жасы үлкен қарттарға қол ұшын беріп, оларға моральдық -психологиялық демеушілік беру, Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер, тылда еңбек еткен қарияларға қайырымдылық жасап, керек жарақтарын тасуға көмектесіп, сұхбаттасып, олардың уақыттарын көңілді өткізулеріне ықпал ету. Ақпараттарды қорғау оларға мейірімділік таныту күніне арналған акция барысында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылығы ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Ермеков Дүкенбай, ардагерлер үйінің өкілі Махашев Алдаберді мен біріге Ұлы Отан соғысының ардагерлеріі Мұсахан Бердібаев пен Колесенченко Владиммр сынды аталарыыздың үйіне барып атаулы мерекемен алдын ала құттықтап, көңілдерін көтеріп әңгімелесіп қайтты. Ардагерлеріміз де өткен өмірлерін әңгімелеп, жастарға ақылдарын айтып бір уақыт сергіп қалды. Көрсетілген сый құрметке риза болған ардагерлер алғыстарын жаудырды.
98 жастағы Ұлы Отан соғысы ардагері Мүсахан Бердібаев әйгілі қазақтың Бауыржанның туған жері Жуалы ауданында дүниеге келіп, соғыс басталған жылы 10 сыныпты бітіре салысымен аудандық әскери комиссариаттың шақыруымен соғысқа аттанады. 1941-45 жылдар аралығында Сталинград шайқасынан бастап, Курск, Беларусь елдерінде соғыста жау талқандауға қатысқан. Жамбыл атамыздың жасына жақындаған атамыз сүрапыл соғыс пен қандай қиыншылық заманды басынан өткерсе де өте тың.
Осылай Мұсахан ата өзінің 90 нан асуының құпиясымен бөліссе, 94 жасағы Колесенченко Владимир мен көп қозғалыста болып, жақсы адамдармен пікір алысып ой бөліскенді ұнатамын деп ағынан жарылды.
Өз кезегінде ауған соғысы ардагерлер одағының төрағасы Ермеков Дүкенбай былай деп ойын білірді: «Біз қарияларымызды ешқашан естен шығармауымыз керек. Біздің қариялардан алатынымыз өте көп, рухани тәрбие алуымыз керек. Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету ата бабаларымыздың келе жатқан салтымыз».
Жастар бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, имандылыққа, мейірімділік, әлептілік пен адами қасиеттерді қалыптастыратын осындай мейірімге толы мерекеміз көр болсын. Халықаралық қарттар күні бұл аталарымыз бен апаларымыз, ата аналар мерекесі. Олай болса азаматтықтың кемел шағына деген құрметті мереке барлығыңызға құтты болсын.