Тараз қаласында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде 19 451 бала тәрбиеленуде

0 18

Қалада 64 мемлекеттік және 69 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру мекемелері қызмет атқарады, онда 19 451 бала тәрбиеленуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

1 мен 6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім беру, тәрбиемен қамту 79,6% болса , 3 пен 6 жас аралығындағы баларды қамту 98,0% құрайды.

 Жалпы мектепке дейінгі мекемелердің ішінде 69 жекеменшік ұйымдарында 6032 бала тәрбиеленуде немесе 31,0%. Кезекке тіркелген балалар саны 18177, оның ішінде  3-6 жастағылары – 392 бала. 2019 жылға жоспарланған 1454 орынның орнына 1534 орын ашылды.

Осы мақсатта мемлекеттік білім беру тапсырыстарынан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің тетіктері іске асырылатын болады.

 Қазіргі кезде, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында сенімгерлік басқаруға беруге 11 нысанның тиісті құжаттамалары жоғары уәкілетті органға ұсынылды, атап айтқанда  №6 орта мектептің асханасы (Отеген батыр көшесі,47), №11 орта мектептің асханасы (Акылбеков көшесі,2), №13 орта мектептің асханасы (Қазыбек би,47 ), №20 орта мектептің асханасы (Крылов көшесі, 1), №23 орта мектептің асханасы (Сухамбаев көшесі, 20), №27 орта мектептің асханасы (Жібек-жолы көшесі, 104А),  №31 орта мектептің асханасы (Тонкуруш көшесі, 14), №32 орта мектептің асханасы (К.Жалаири көшесі, 31), №36 орта мектептің асханасы (Ақбұлақ м.а., 31), №50 орта мектептің асханасы (Мәмбет батыр,25А),  №25   бала-бақша    (жобалық сыйымдылығы 64 орындық).

Облыстық білім басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін хабарлама беруді жоспарлап отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.