Қала әкімі Қайрат Досаев шағын аудандардың тұрғындарымен кездесулер өткізді

0 12

Жергілікті атқарушы органдардың жұмыс алгоритміне сәйкес қала әкімі Қайрат Досаев «Химпоселок», «Төрткүл», «Жігер», «Рассвет» шағын аудандарының тұрғындарымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында тұрғындар қала әкіміне аумақтағы қордаланған мәселелерін көтерді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Тұрғын үйді жаңғыртудың бағдарламасы аясында Рысбек батыр көшесі № 9 көпқабатты тұрғын үйдің шатырын жөндеу жұмыстарына алаңдаған тұрғындар қала әкімінен көмектесуді сұранды. Өз кезегінде қала әкімі Қайрат Әскербекұлы бұл мәселемен әлеуметтік желі бетінен танысып, бақылауда ұстап отырғандығын жеткізді. Бүгінгі күнге, мердігер қажетті шатыр жабындысын тікелей зауыттан алып келу үшін Теміртау қаласына көліктерін жібергендігін жеткізді. «Төрткүл» алқабына электр жарығын, жаяу жүргіншілер жолын салу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленуді тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандарына тапсырды.

Сонымен қатар «Ауыл береке» базарынан шығарылған күл-қоқысты өртеушілерге, сол маңдағы цемент зауытының ауаны ластауына байланысты пәрменді шаралар қолдану үшін облыстық экология басқармасына хат жолдау және жергілікті полиция қызметкеріне айыппұлдар салу туралы тапсырмалар берді. Тұрғындардың жолаушылар көлігінің жұмыстарына байланысты өтініштерін тасымалдаушы мекемелермен арнайы кездесіп,шешуге уәде берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.