Жамбыл облысында Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті

0 38

Жамбыл облысында «№5 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» ұйымдастыруымен «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығы»КММ-де 21-ші ақпан Халықаралық Ана тілі күні мерекесінде, Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап «Өлмейтұғын артында – сөз қалдырған» атты бөлім аралық Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы өтті, ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сайысқа арнайы Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының орынбасары Е.Бықыбаев, Жамбыл облыстық кәсіподақ ұйымының орынбасары К.Сапожникова, Облыстық ардагерлер кеңесшісі Т.Жұмабек және «Ақ Жол» газетінің басшысы Е.Абдиев қонақта болып, төрелік көрсетті.

Мерекелік іс-шара өткізу мақсаты  ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл  мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін жатқа айту. Көркем сөйлеуге, өз бетімен іздене білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу.

Байқауға  «Әлеуметтік бөлім» атынан 3 қызметкер, «Медицина» бөлімінен 7, «Кір жуу» бөлімінен 1 қызметкер қатысты. Сайыс екі кезеңнен тұрды. Әр кезеңде қатысушыларымыз Абай өлеңдерін мәнеріне келтіріп, қара сөздерін жатқа айтып, әндерін нақышына келтіріп орындады. Сайыс соңында төрешілеріміз қатысушыларымызға алғыстарын білдіріп, жүлделі орындарға ие болған қызметкерлерді арнайы Облыстық кәсіподақтың алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қоса бас жүлдені және 1-ші орынды иеленген жеңімпаздарымызға Абай Құнанбаевтың 4 томдық «Абай Жолы» кітабі сыйға берілді. Екінші және үшінші орын иегерлеріне Абай шығармалары мен қара сөздер жинағы кітаптары табыстады. Басқада қатысушыларымызға ынталандыру мадақтамалары беріліп, Абай атамыздың  кітаптарын сыйға тартты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.