Ағымдағы жылдың 23 ақпанда Талас ауданының Қаратау қаласы мен Ақкөл ауылында әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесі өтеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Онда өңірлік тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен өткерілетін болады.
Аталған жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша қысқа мерзімді және орта мерзімді шаралар топтамасы аясында ұйымдастырылуда.