Талас ауданында констультациялық көмек беру онлайн–режимде жалғасуда

0 12

Елімізде төтенше жағдай мен карантин енгізілуіне байланысты, констультациялық көмек беру онлайн–режимде жалғасуда , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Талас ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Р. Өміралиев онлайн–режимінде «Талас ауданы әкімдігінің ветеринарлық бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңды тұлғаның таратылуын тіркеу бойынша сұрақтарына жауаптар берді.

Сонымен қатар, ауданаралық Әділет басқармасының қызметкерлері, ерікті-заңгерлер, заң-кеңесшілері және мемлекеттік сот орындаушылар «Еріктілер жылы» аясында, күн сайын 10:00-ден 17:00-ге дейін құқықтық мәселелер бойынша онлайн кеңестер береді.

Түсіндіру жұмыстары ауданаралық Әділет басқармасының электронды мекен-жайы арқылы: r.omiraliev@adilet.gov.kz, 8 (726 44) 6-24-59 және ұялы байланыс 87087153564.

Leave A Reply

Your email address will not be published.