Талас ауданының тұрғындарына әлеуметтік көмек алу жолдары түсіндірілді

0 4

Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты табысынан айырылған азаматтарға 42500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем тағайындалған болатын. Осыған орай таластық тұрғындарға көмек алу үшін «eGov» электронды үкімет порталы, «Enbek kz42500» және Telegram әлеуметтік желісінде арнайы ашылған «JambylObl42500bot» арқылы өтініш беру жолдары түсіндірілді, — деп хабарлайды   «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Бүгінгі күнге (22.04.2020 жыл) тіркелген 9947 өтініштің 8383-не орталық деректер базасында төлем тағайындалған болса, 8294 адамға 42500 теңгеден әлеуметтік төлем жеке есеп-шоттарына аударылды. Әлеуметтік төлем тағайындау ережесіне сай келмейтін 155 өтініш кері қайтарылса, қалған 1409 өтініш қаралуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.