Байзақта залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

0 3

Байзақ ауданында өткен сенбіде аудан әкімдігі мен шаруа қожалықтар бірлесіп, 17 ауыл шаруашылығы техникалары мен жүзден астам адам жұмылдырылған залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

«Рауан», «Байзақ дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Манат», «Жетітөбе», «Шарипов», «Казаки», «Әлихожа» шаруа қожалықтары бірлесе атсалысқан шараға 17 дана техника, 2 дана дезинфекциялық қондырғы, 1 дана су тасушы, 14 дана трактор, 34 дана дезинфекциялауға арналған бүріккіш жұмылдырылды.

Нәтижесінде аудан аумағындағы 43 елді мекен қамтылып, ондағы 176 көше мен 51 аялдама және 94 әлеуметтік нысандарға күніне екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар осы бағыттағы залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілетіндігін айтады. Қазіргі жағдай кезінде тазалық шаралары күшейтілген режімде жұмыс істеуде.
Ауданымызда коронавирус індетіне қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.