Жамбыл облысының жедел штабына 10 мыңнан астам өтініш түсті

0 1

Жамбыл облысының жедел штабына 10 мыңнан астам өтініш түсті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысында «Jardem 109» бірыңғай байланыс орталығы базасында коронавирусқа қарсы әрекет ету бойынша өңірлік жедел штаб құрылды. Оның құрамына облыс әкімдігінің, салалық басқармаларының, төтенше жағдайлар департаменттерінің, полиция, «Атамекен» РПП, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ және басқа да қызметтердің өкілдері енді.

Штаб жұмысы әлеуметтік қорғау және еңбек қатынастары, жеке тұлғалардың қозғалысы, көлік пен тауарлар, медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және тағы басқа мәселелерді қоса алғанда, өңірдің тіршілік әрекетінің негізгі жеті бағытын қамтиды.

Штаб тәулік бойы жұмыс істейді. 109 нөмірі бойынша тұрғындар мемлекеттік бағдарламалар, төтенше жағдай және карантиндік режимнің енгізілуіне байланысты әлеуметтік төлемдер, көлік қозғалысы және басқа да мәселелер бойынша кеңес ала алады.

Ағымдағы жылдың 23 наурызынан бері жедел штабтың байланыс орталығына 10 мыңнан астам өтініш келіп түскен.Сондай-ақ, жедел штаб қызметкерлері бейнебақылау камераларымен жабдықталған 44 блокпостың жұмысын онлайн режимінде бақылап отырады.

Жаңа байланыс-орталығының артықшылығы – бүгінгі таңда онда оператордан басқа кез келген келіп түскен өтінішке тиісті деңгейде жауап бере алатын салалық мамандар бар.

Айталық, жедел штабтың көмегімен Ресейге табыс табу үшін барған Тараздың екі тұрғыны туған қаласына сәтті оралды. Олар бәрібір жұмыс таппады. Отандастарымыз амалын тауып Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауылына жетіп алады. Олар сол ауылдағы жергілікті әкімдіктен Жамбыл облысының жедел штабына хабарласып, жедел әрекеттің арқасында үйлеріне оралды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.