Шағын кәсіпкерлікке қолдау көңіл қуантады

0 0

Қазақстан Республикасының Президенті әлемдегі коронавирустың таралуына байланысты ел аумағында төтенше жағдай жариялауы заңды құбылыс деп санаймын. Төтенше жағдай жарияланғалы бері бұл індетпен күресуге толық мүмкіндігіміз бар екеніне көзім жетті. Бұл қиындықты бәріміз бір халық, бір қоғам болып міндетті түрде еңсеріп шығамыз. Бұл — уақытша дүрбелең.

Осы дағдарыстан абыроймен өтуіміз керек. Енгізілген шектеулерге әр азамат жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әр адам барынша сақтанып, вирустың таралмауына атсалысуы қажет. Еліміздің барлық азаматтары өкілетті органдардың қызметіне қолғабыс көрсетеді деп сенемін. Осындай кезде бәріміз сабыр сақтап, тәртіпке бағынуымыз керек. Коронавируспен күресуді дамыту, оның таралуына жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Президентінің енгізген карантин шараларының жаңа тәсілдері оң шешім, құптарлық ұсыныс деп есептеймін.
Әсіресе орта және шағын бизнеске көп қолдаулар көрсетілді әлі де жоспарлануда.Алдағы уақытта пандемиядан соң келер кризисті жағдайға елдің даяр болуы мен халықтың тұрмысын көтеру, ел экономикасын арттыру бағытында бірқатар мәселелер жоспарланып жатқанын айтып кеткен. Бұл -біз секілді кәсіпкерлер үшін қуантарлық жағдай.

Күн көріс пен шаруа баққан қарапайым шаруаларға Үкіметтің ерекше көңіл бөлуі-мемлекеттің мықтылығын көрсетеді. Өз кезегінде кәсіпкерлер де жан аямай еңбек атқарып,ауылдастарын жұмыспен қамтып,ел дамуына үлес қосуы тиіс. Сонда ғана Мәңгілік ел боламыз!
Мәңгілік елдің көрер таңы көп болсын!!!

Эльмира Мырзагелдиева- жеке кəсіпкер

Leave A Reply

Your email address will not be published.