Мемлекет басшысының короновирус тың әлі де белең алып отырған жағдайында төтенше жағдайды 11-мамырга дейін созылатыны жөніндегі мәлімдемесін тыңдадым.
Қауіпті дерттің Казақстанда кең таралып кетпеуі үшін күрделі және аса қажет шешім қабылдағанын, азаматтардың денсаулығы мен өмірінен қымбат ештеңе жоқтығын, сондықтан оны корғап калу үшін барлық жағдайды жасап жатқанын айтты. Күрделі кезеңде әрбір адам мемлекет қамқорлыгында болатыны, қиын кезеңде каржылай да, азық-түлікпен де көмек көрсетуді жалғастыратыны айтылды. Жұмысы тоқтағандар мен жұмыссыздарга 42500 теңге кайтадан құжат өткізбей тағы да төленетіні белгілі болды. Орта және шағын бизнес субъектілеріне де үлкен қолдау көрсетіледі, ол үшін мемлекеттен 6 триллион теңге бөлу көзделген. Жалпы осы төтенше жағдай кезінде 4,4 миллион азаматқа қаржылай көмек көрсетілген. Бұл дегеніміз мемлекет басшысының үлкен қамқорлыгы. Сабырлылык мұратка жеткізеді. Төтенше жағдайдың көбі кетіп азы қалганда тәртіп сақтап сабырлылык танытайық. Мен мемлекет басшысының талаптарын қолдаймын!
Мойынқұм ауданының»Құрметті азаматы»
Ж.Даниярова.