Бірлігі бекем ел озар

0 0

Күллі әлем үлкен күйзеліс пен үрей тудырған індетпен арпалысып жатыр.Осы ауыртпашылық біздің елімізді де айналып өтпеді. Дерттің елге жайылып кетпеуі үшін Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев 16 наурыздан бастап төтенше жағдай енгізгені баршамызға аян.

Елдің амандығы мен денсаулығы үшін дәрігерлер, ұстаздар, ішкі істер қызметкерлері және еріктілер аянбай қызмет етіп жатыр. Бұл шаралар міне бүгінге дейін жалғасуда . Күні кеше ғана  27 сәуірде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимінің 11- мамырда аяқталатынын мәлімдеді.

Осы сәтте қоғамға абыроймен еңсеру мақсатына жұмылуы, халқымыздың еңсесі көтеріліп, көңіліне қуаныш сыйлады.
Осындай «Мылтықсыз майданда» қауіпті індетке қарсы тұрып, төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындап жатқан баршаларыңызға сабыр, отбастарыңызға амандық тілеймін. Әр қиыншылықтың артынан, түбі бір жеңілдік келерін ұмытпайық ағайын!

Жамбыл атындағы мектеп гимназиясының директоры, аудандық мәслихаттың депутаты Н.Саурықов

Leave A Reply

Your email address will not be published.