Жамбылда ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті

0 0

Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтті , деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жамбылда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысы өтіп, онда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары айтылды.
Сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен шарттарын анықтау бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде және оның себептерін жою мақсатында нақты шаралар атқарылуда.
Бүгінгі күні, іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг пен сыртқы талдау жүргізу механизмдері кеңінен қолданып келеді.
Өткен жылдың 12 айында 11 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, олардың нәтижесі бойынша 26 ұсыныс берілсе, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерді анықтау мақсатытында 17 мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне талдау жүргізіліп, 47 ұсыныс енгізілген.
Мысалға, облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасына жүргізілген талдаумен, заңнамада орын алған кемшіліктердің нәтижесінде бірқатар шаруашылық субъектілерімен субсидия алу үшін ұсынған өтінімдерінде дұрыс емес мәліметтер көрсетіп субсидия алғандығы анықталған. Қазіргі таңда, субсидия алған шаруашылық субъектілерінен 1 млн. теңгесі бюджетке кері қайтарылды.
Ал, 2019 жылы жүргізілген мониторингтің нәтижесімен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған және мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарда басшы лауазымда (білім, мәдениет және тұрғын-үй шаруашылығы салалары) болған 9 тұлға қызметінен босатылды.
Еңбек және сыбайлас жемқорлық заңнамасын сақтау бойынша мониторинг биыл да жүргізіліп квазимемлекеттік сектор субектілерінде басшылық лауазымдағы 8 тұлға, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағандығы анықталып отыр. Мысалы, қылмыстық кодексінің бірнеше баптар бойынша (ҚК 307 «Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану», 314 «Қызметтік жалғандық жасау» және 315 «Қызметтегі әрекетсіздік») сотты болған тұлға, Тараз қаласы әкімдігінің квазимемлекеттік кәсіпорын басшылығында жұмыс жасап келген.

Leave A Reply

Your email address will not be published.