Елді мекендерге арналған өңірлік стандарттар жүйесіне сәйкес Сарысу ауданы бойынша «Ауыл — ел бесігі» жобасы аясында Саудакент және Жайылма елді мекендері — тірек елді мекендер ретінде, Жаңаталап, Ұйым, Игілік, Өндіріс, Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда елді мекендері спутниктік елді мекендер ретінде айқындалып, іріктеліп алынды.
2020 жылдың бюджетіне I-ші траншпен «Ақбота» балабақшасы ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу жұмыстары облыстық энергетика басқармасы арқылы жүргізілді, қорытындысы шықты – жеңімпаз «Ернұр» ЖШС-гі, келісім шарт жасалып, жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Республикалық бюджетті нақтылау барысында II-ші траншпен Саудакент елді мекеніндегі 22 негізгі көшенің жол жабындыларын орта жөндеуден өткізу жұмыстарына –оның ішінде 4 коше жарықтандыруымен қоса, Ұйым ауылындағы Мұратбаев көшесін орта жөндеуден жүргізуге.
Саудакенттегі спорт кешені құрылысына, Жанаталап орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінді.
Алдағы жылдары Жайылма тіректі елді мекені мен спутниктік елді мекендерге (Игілік, Өндіріс,Қызылдихан, Маятас, Ақтам, Әбілда) қаржы бөлінетін болады, яғни дамитын болады.