ЖД-158/7 мекемесі короновирусқа қарсы жұмысты күшейтті

0 1

ЖД-158/7 мекемесі короновирусқа қарсы жұмысты күшейтті. Осыған орай бүгін жұмыс тобының кезекті отырысы өтіп, қауіпті індеттің алдын алу бағытында іс-әрекеттер алгоритмі мен күдікті анықталған жағдайда қандай шаралар қолдану қажеттігі қайта қаралды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Жиынға медициналық-санитарлық бөлім қызметкерлері мен әр бөлімнен тек бір өкіл қатысты. Жиын барысында шешуін кейінге қалдырмауды талап ететін негізгі мәселелер ортаға салынып, короновирус инфекциясының тарауына жол бермеу шараларының кешенді жұмыс жоспары бекітілді. Ауру айтып келмейді. Сондықтан қырағылық күшейтіліп, шұғыл дайындықта болу керектігі баса айтылды.

Залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті барлық медициналық дәрі-дәрмектер мен керек-жарақтар, арнайы қорғаныс кешендер де жеткілікті. Мекемедегі медициналық-санитарлық бөлімде карантин бөлмесі жасақталып, көлік капсуласы да қарастырылған. Мұнан өзге «Байзақ дезинфекция» ЖШС келісімшарт жасалып, ғимарат толықтай дезинфекциялық өңдеуден өтті. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті медициналық қамтамасыз ету тобының бас маманы әділет майоры Ерлан Әбдібайдың айтуынша, жүйеде тиісті сынама талдауларына тапшылық жоқ көрінеді. Дегенмен жағдай тұрақты және сақтық шаралары қатаң бақылауда бола бермек.

Сонымен қатар, профилактикалық жаттығу барысында әрбір тетік егжей-тегжейлі түсіндірілді. Алдағы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтылығын сақтау және алдын-алу шараларын күшейту бойынша жұмыс тобының отырысы жүйелі өткізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.