Ер есімі — ел есінде

0 1

Ардагер Дүйсенбай Жұмахметовке арналған көрнекі ақпарат құралы Ойық ауылдық округі Ғ. Мұратбаев көшесіне ілінді.

1926 жылы 1 қаңтарда Талас ауданы «Жаңатұрмыс» колхозында дүниеге келген. Ұлты Қазақ. 1915 жылы «Сталин» атындағы мектепке білім алып, 1942 жылға дейін оқып 7 кластық білім алған. Оқудан кейін екі жыл колхозда жұмыс істеп, 1944 жылы қараша айында әскерге алынған. Әскерге барысымен Семейге барып 3 ай дайындықтан өтіп, 1945 жылы майдан шебіне түсіп, Берлинге барған. Арада санаулы уақытар өтпей Ұлы Жеңіске де жеткен. Жеңістен кейін екі жыл Белоруссия, Украина және Кавказда үш жыл болып, 1950 жылы елге оралған. ІІ-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Маршал Жуков», «Ұлы Жеңіске 70 жылдығы,» Соғыс ардагері», «10 жыл Астана» медальдарымен марапатталған. Елге оралғаннан кейін 1950-1952 жылдары МТС-те комбайншы, 1969-1979 жылдары почтада мантёр, 1979 жылдан бастап құрметті зейнет демалысында.

Бүгінде Дүйсенбай Жұмахметовтен тараған 3 ұл-қыз, 7 немере, 21 шөбересі бар.Қазір Ойық ауылдық округінде тұрады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.