«Ардагерлер туралы»Заң-жағымды жаңалық

0 10

Бүгін қуанышты хабар Отан қоғаушылар күні қарсаңында көптен күткен «Ардагерлер туралы» Заңға Президентіміз Қ.К.Тоқаев қол қойып, ардагерлер қауымын бір серпілтіп отыр. Себебі ардагерлер туралы заң жалпы ТМД елдерінің көпшілігінде бар. Енді осы заң елімізде заңды жүзеге асатын болды.

«Ардагерлер туралы» Заңның қабылдануы көптің көкейінде жүрген болатын. Бұл Заңда барлық ардагерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға берілетін жеңілдіктердің, көмектердің бәрін жүйелеп көрсеткен. Аталған заңда Ауған соғысы ардагерлері мен әр жылдары халықаралық міндеттемесін орындаған әскерилер және Чернобыль ардагерлері мен социалистік еңбек ерлеріне әлеуметтік қолдау күшейіп, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленетіндігі айтылған. Жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үймен қамту жүктеліп, жеке үй салғысы келсе, бірінші кезекте жер учаскесін беру көзделген. Ал ем-шараға келсек, медициналық қызметті пайдалануға, ауруханаға кезектен тыс емделуге, санаториялық-курорттық орындарға баруға құқығы бар.Елімізде «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанына өте қуаныштымыз. Бұл Заң әсіресе, аға ұрпақ өкілдерін ерекше қуантып, Президентіміздің ардагерлерге көрсеткен ерекше құрметі деп білеміз.

Аудандық «Ардагерлер ұйымы» бірлестігінің төрағасы Қ.Қ.Бижанов

Leave A Reply

Your email address will not be published.